«Баласы ма»: көпшілік Жанар Дұғалованың сәбимен түскен суретін қызу талқылап жатыр

«KeshYOU» тобының экс-әншісі, актриса Жанар Дұғалова әлеуметтік желіде сәбимен түскен суретін жариялады. Желі қолданушылары әншінің жаңа фотосын талқылап, түрлі болжам жасаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірнеше айдан кейін тыңдармандары әншіні жүкті деп топшылаған. Алайда біраз уақыттан соң Жанар Дұғалова желідегі парақшасына дене мүсініне қонымды көйлек киіп түскен фотосын жариялады.

Бұл жолы Жанар Дұғалованың қолына бала ұстап түскен суреті желі қолданушыларының арасында түсініспеушілік тудырды. Әнші суретке түсініктеме бермеген, оның орнына тек қызыл жүрекше мен жолбарыс түріндегі эмодзи қалдырған. Фотодан Жанар Дұғалова балаға сүйіспеншілікпен қарап тұрғанын байқауға болады.

«Құттықтаймын!», «Баласы ма? Ол тұрмысқа шығып па еді?», » 2023 жылдың желтоқсанында аяғы ауыр болып жүрді ғой, 2024 жылы бала дүниеге келу керек еді… Бірақ ешқандай хабар болмады. Менің түсінгенім – бұл бала қызір 1 жаста болуы керек. Әлде бұл екінші сәбиі ме? Түсініксіз болып тұр. Не де болса, ең бастысы аман, денсаулығы мықты болсын. Балапанына тілейтінім – аман-есен көз алдында, балалық шағы тәтті, үлкен азамат болып өсе берсін», «Жоқ, бұл жай кино», «Жанардың ұлы бар» — деп пікір қалдырған желі қолданушылары. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...