Инстаграм желісінде сәбидің денесін аяусыз ысқылап, аузына зеленка жаққан дәрігердің ерсі қылығы жаға ұстатты деп хабарлайды «ozgeris.info».
Өзін ортопед, логопед деп таныстырған Ләззат Ертайқызы әлеуметтік желіде белсенді болып шықты. Ол жаңа туған сәбидің басына целлофан орап, арқасын таспен ысқылап, аузына зеленка жаққан.
Әлгі дәрігердің сәбиге ем жасап жатқан видеосын жүктеген кәсіпкер, меценат Қайрат Құдайберген өз парақшасында балалардың денсаулығына алаңдатушылық білдіретінін жеткізді. Ол Денсаулық сақтау министрлігіне шағым қалдырып, былай деп жазды:
«Балаларды мүгедек ететін жалған дәрігерлердің мұндай әрекетіне кім рұқсат береді? Мына ханымның ары қарай не істейтінін қараңыз! Баланың ернін жасыл түске бояп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінен өзін дәрігер деп атайтын мына әйелді тез арада тексеруді талап етемін!»
Желі қолданушылары баланың аузына зеленка жағып, сәбидің арқасын қатты затпен ысқылаған дәрігердің ерсі қылығына наразылық білдіріп, түрлі пікірлер қалдыруда.
ПІКІР ЖАЗУ