Баламның тілі ағылшынша,қытайша шықты. Құбылыс па, қорқыныш па?

ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде бес жыл сөйлемеген балам қытайша сөйлейді екен. Үйде ешкім орысша сөйлемейді бірақ баламның тілі орысша шықты деп алаңдайтын ата-аналар көп. Ozgeris.info тілшілері қазақстандық балалар психологомен тілдесіп көрді.

Баламен ата-ана арасындағы қарым-қатынасы бағытындағы тәжирибиелік психологы Айгерим Даулет бұл қорқатындай дәнеңе жоқ дейді.

«Кейбір баланың тілі кеш шығуы қалыпты құбылыс. Әр баланың дамуы әртүрлі. Ал баланың ата-анасы немесе екі немесе одан да көп тілді меңгеріп жүрсе ол сөздерді жинақтап, кейін кешігіп сөйлей бастайды. Себебі баланың миы ана тілінен басқа тілді қабылдауы қиын болады. Үйдегі адамдар әртүрлі тілде сөйлейтін болса ол баланың тілі кеш шығуына алып келеді. Баланың тілі басқа тілде шықса ол оның билингвалық ерекшелігі. Яғни, ол басқа тілде сөйлеуге қабілетті бала болып есептеледі. Бала басқа тілде сөйлей бастаса қорқуыдың қажеті жоқ», — дейді психолог.

Айгерим Даулет — баламен ата-ана арасындағы қарым-қатынасы бағытындағы тәжирибиелік психологы

Бірден өзге тілде шүлдірлеп кеткен баланың психикалық ауытқуы бар деп айта аламыз ба?

«Жоқ, олай деп айта алмаймыз. Баланың тілі басқа тілде шықса өзіміздің кінәміз. Көбіне баланың басқа тілде сөйлеп кетуі ортасына байланыста. Оның қандай тілде ақпарат алатынын қадағалау керек. Сонымен қатар баламен диалог орнату аса маңызды. Өйткені, барлық бөбектер гаджетке жақын. Балаға сұрақ қою арқылы ойын білетін болса тілі тез шығады. Ол оның болашағы үшін маңызды нәрсе.»

Ата-аналар қай уақытта алаңдауы тиіс?

«Егер бала екі жасқа дейін сіздің айтқан қарапайым сөздерді түсіне алмаса ол қалыпты жағдай. Ата-ана баласы 18 айға дейін бірде-бір сөз айтпаса мамандардың көмегіне жүгінуі тиіс. Сондай-ақ 2 жастан асса да папа қайда, мама қайда деген қарапайым сұрақтарға жауап бермесе, сыртқы ортамен байланыссыз болса алаңдау қажет», — дейді Айгерим Даулет

Ал сіздің басыңыздан мұндай мәселе болды ма?