Әнші Толқын Забирова «Мамский әңгіме» бағдарламасында тұңғыш перзенті туралы айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz.
Өнер иесі тұңғышын бес жыл күткенін айтты.
«Көп ауырдым. Содан болар, 5 жылдай бала көтере алмадым. Басқа адамдардың тағдырына қарағанда шүкір деймін. Бес жыл аз да, көп те уақыт емес. Артынан Аллаға шүкір екі ұл дүниеге келді. Өте көп жыладым. Сафардың бірінші әйелінен бір ұлы бар. Сол кезде оған барып, «мені бір күні тастарсың, бала тумайтын әйелмін» деп айтатынмын. Ал ол «мен сені жақсы көремін, бала тумасаң да кетпеймін» деп жауап беретін. Неше түрлі жаман ойлар келетін. Мені жиі жұбататын. Ол кезең мен үшін өте ауыр уақыт болды. Жақындардың қолдауы, жарыңның қолдауы өте қажет. Қарбалас жұмыспен жүріп, көп ойлардан арылып қаласың. Саған қолдау білдіретін адам болса бұл кезеңнен өтуге болады. Тек сенімді жоғалтпау керек», — деді ол.
Әншінің айтуынша, әжесі өмірден өткен күні тұңғышына аяғы ауыр болған.
«Көп ем қабылдадым. Емделген соң бір ай балалы болуға тыйым салды. Сәтін салып, бір айға Францияға кетіп қалдым. Келген соң әжемнің халін білуге бардым. Өте ауыр халде жатқан еді. Екі аптадан соң әжем қайтты. Әжем қайтқан күні мен бала көтеріппін. Оны білмеппін де. Әжемнің жетісі, қырқы болып, есімді әрең жидым. «Өмірде бәрі өтпелі, әжем – мәңгілік» деп өмір сүрген екенмін. 9 айдан соң Шахрия дүниеге келді», — деді әнші.
Фото: YouTube
ПІКІР ЖАЗУ