«Балалардың басына тимесе болды». Ақтауда салынып жатқан үйлердің бірінен кірпіштер құлады

Фото: видеодан кадр

Ақтауда салынып жатқан үйлердің бірінен құрылыс материалдары құлап жатқаны туралы бейнежазба тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Бейнежазба @cenzura_aktau Instagram парақшасында жарияланды. Бейнеде дауылдың кесірінен терезелер мен кірпіштер құлап жатқаны көрінеді. Ақтау тұрғындарының айтуынша, бұл 18 шағынаудандағы «Шахар Плаза» тұрғын-үй кешені.

Анау балалардың үстіне құлап кетпесе болды ғой, дейді бейнежазба авторы.