Балабақшалар енді балаларды мектепке дейін оқытуға міндеттеледі

Фото: ria.ru

Мектепке дейінгі дайындықтан өткен балалар енді 31 шілдеге дейін балабақшада қала алады.

Бұған дейін ата-аналар 6 жасқа толған балалардың балабақшадан шығарылып, бірақ мектепке қабылданбайтынына шағымданған еді. Осы мәселені шешу үшін заң жобасына тиісті өзгерістер енгізіледі.

Сондай-ақ, Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік тілде білім алатын бастауыш сынып оқушыларына бейімделу бағдарламаларын әзірлеуі қажет.