«Балабақшаны кәсіпке айналдырмау керек!». Әйел жекеменшік балабақшаларға қарсы шықты

Бейнеден кадр

Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылдық округінде түсірілген видеода әйел балабақшаларды жекеменшікке беру мәселесіне қарсылығын білдірді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Өз сөзінде ол балабақшаларға мемлекет тарапынан қаржы бөлініп отырғанын, бірақ кейбір жеке меншік иелерінің бұл қаржыға көзқарасы мен бала тәрбиесіне қатысты ұстанымдарына күмән келтіретінін айтты.

Әйел өз пікірінде жекеменшік иелерінің бала тәрбиесіне қандай да бір ерекше талаптар мен жауапкершілікті сақтай алатынына сенімсіздік білдірді. Ол, әсіресе, жекеменшік балабақшалардағы тәрбиешілердің іріктелу процесіне, балаларға берілетін тамақтың сапасына және жалпы балабақша ішіндегі тәртіпке назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Өз ойым бала тәрбиесі әсіресе біздің болашақ ұрпағымыздың тәрбиесі ешқандай жекеге берілмеу керек,өз басым жеке меншік балабақшасына қарсымын», — деді ол өз сөзінде.