«Байқап жүр»: Белгілі журналист атышулы Хасан өзіне жазғанын айтты (ВИДЕО)

Коллаж: ozgeris.info

Журналист Жан Ахмадиев әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне Хасан Қасымбаевтың жазғанын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Ассалаумағалейкум, блогер-сымақ! Неге елді шулатып жатырсың? Связьға шықшы маған», — дейді Жан Ахмадиевтің айтуынша Хасан.

Журналистің сөзінше, Хасан оған мән-жайды білмей жатып қараладың деген.

«Жел тұрмаса шөптің басы қимылдар ма еді? Шерзаттың әкесі сұхбат берген еді ғой. Одан кейін ауыл қариялары шығып, болған іс болды дейді. Қаржаубай сонда бала емес, мал жоғалтып отыр ма? Құдды бәрі сценарий сияқты. Біз шаршадық, Бізге әділдік керек», — дейді Жан.

Ал, желі қолданушылары түрлі пікірді жарыса жазуда.

«Байқап жүр, қорқынышты», «Осыны ашық айтқандар нағыз батырлар», «Бұлай өз пікірін екінің бірі айта алмайды», «Неге блогер-сымақ дейді? Жөндеп сөлеуге болмай ма?», «Жан, абай бол», — деді олар.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Жан Ахмадиев (@zhan_ahmadiev)