«Бағаны көтер немесе кет!»: Kaspi дүкенінің пайдаланушысы бәсекелесіне қысым көрсеткен

Kaspi дүкенінде тауар сата бастаған кәсіпкер екі күннің ішінде бәсекелестің қысымына тап болды. Бұл туралы ол Threads желісінде жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Сатушының айтуынша, бейтаныс адам оған жазып, «Кет менің карточкамнан немесе бағаны көтер» деп талап қойған. Сатушы бұған қысқа жауап қайтарған, алайда келесі күні бәсекелесі оның барлық тауарын сатып алып кеткен.

– Kaspi-ге кіргеніме екі-ақ күн болды. Кеше қорқытып жазды, бүгін қалдықтың бәрін сатып алып тастады. Өкінішке қарай, Kaspi Гид бұл жағдайға араласа алмайды екен. Осындай «бәсекелестік» болып жатыр, – дейді ол.

 

Посмотреть в Threads