Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі қандай күдікке іліну себебі қандай

Бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі 2 ай қамауда отырады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлім етті. 

«Биыл 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша Мәдениет және спорт экс-вице-министрі ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады. Коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет ете отырып, ол 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумының көрмесін ұйымдастыру бойынша шарт жасасуды қолдаған», — деді Арман Тілеукенов агенттікке өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, тергеу амалдары жалғасып жатыр.

«Бұл ретте форумды өткізу үшін смета 2 есе өсті, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқты. Қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатқа сатып алынған мүлік анықталды және оған тыйым салынды. Күдіктіге қатысты соттың санкциясымен 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», — дейді ол.

Фото: primeminister.kz


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора