Сәуірдің соңғы күндерінде Ақ теңіз аудандарынан Қазақстанның батыс аймақтарына циклон ауысады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
«Бірте-бірте ол шығыс бағытқа қарай жылжып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына әсер ете бастайды. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр, ал 30 сәуірде республиканың батысында тіптен қатты жаңбыр жауады.
Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысындағы ауа райын, 30 сәуірде Қазақстанның басым бөлігін қамтитын Оңтүстік циклон құрайды. Ол бұршақ пен дауылды әкеледі. Қазақстанның аумағы бойынша жел 15-20 м/с дейін күшейеді, ол оңтүстікте, оңтүстік–шығыста екпіні 23-28 м/с дейін жетеді»,– дейді мамандар.
ПІКІР ЖАЗУ