Жақында бесінші қызын дүниеге әкелген Алтынай Жорабаева босанғаннан кейінгі жағдайын айтты, деп хабарлайды «Өзгеріс» ақпараттық-сараптамалық порталы.
Ол instagram парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берді.
Біраз сұрақтар келіпті. Неше түрлісі бар екен. Жалпы жүктілікке дейін де, жүктілік уақытында да дәрумендер қабылдап жүрдім. Алла қалауымен өзім босандым. Әрине, адамнан адам шығу оңай емес. Әсіресе толғақ қиын, деді әнші.
Сонымен қатар, ол алғаш рет босанғандай бәрін жаңадан үйреніп жатқанын да жеткізді.
Көркемімді 13 жыл бұрын босанған едім. Аминамен алғаш рет босанған ана сияқты болып жүрмін. Бәрін басынан үйреніп жатырмын, — дейді.
Фото: altynaizhorabayeva
ПІКІР ЖАЗУ