Құқық қорғаушыға және «Әділдік жолы»республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Бауыржан Ахметжановқа Мерей ауылдық округінің тұрғындары жүгініп, ауыл әкімі Орынбек Насимуллин 1 маусымда мас күйде жүргенін айтқан. Оқиға орнына аудан әкімі Талғат Шакиров пен прокурор келген. 2022 жылы Орынбек Насимуллин ең үздік ауыл әкімі атанған, — деп хабарлайды Ozgeris.Info «Мой ГОРОД» сайтына сілтеме жасап.
Әкімге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК, яғни 18 460 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Әкім үйінде тек сыра ішкенін айтқан. Сыртта шу естіліп, сол дауысқа қарай шыққан.
20 маусымда Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы Орынбек Насимуллин ауыл әкіміне ескерту жасаған.
ПІКІР ЖАЗУ