Батыс Қазақстан облысында Ресей азаматы жағажайда найзағай түсіп көз жұмды, деп хабарлайды «Мой город».
Тұрғындар арасында мессенджерлерде әйелдің өлімі туралы ақпарат тараған болатын. 40 жастағы Ресей азаматы үстіне найзағай түсіп көз жұмған.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі әйелдің қаза тапқаны туралы ақпаратты растады.
«17.13-те Сарыөмір кентінің дәрігерлік амбулаториясының кезекшісіне шақыру келіп түсті: Шалқар демалыс аймағында 1984 жылы туған әйелге найзағай түскен. Оқиға болған жерге барған фельдшер әйелдің қайтыс болғанын мәлімдеді. Медицина қызметкерлері келгенге дейін көз жұмған. Өлім себебін сот-медициналық сараптама анықтайды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
7 шілдеде түстен кейін БҚО-да қатты екпінді жел мен шаңды дауыл болған. Кейбір үйлердің шатыры ұшып, электр қуаты сөнген. Сондай-ақ облыстың кейбір аудандарында қатты жаңбыр мен бұршақ жауған.
ПІКІР ЖАЗУ