Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес Қазығұрт шағын ауданында интернет мәселесі шешімін табуда. Бүгінде мұндағы тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестор «СпецавтоматикаСервис» ЖШС арқылы талшықты оптика желісі жүргізілуде.
Атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысу үшін Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов аталған аумаққа барып, инвестормен кездесті.
Жоспар бойынша тиісті жұмыстар екі ай көлемінде аяқталып, тұрғындарға сапалы және жоғары жылдамдықтағы интернет қолжетімді болмақ.
Шағын аудан азаматтары жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылу үшін +7 705 783 06 80 байланыс нөмірі арқылы өтінім қалдыра алады.
ПІКІР ЖАЗУ