ҚМА есірткі құралдары мен прекурсорлардың таралуы тұрғысынан әлеуметтіке желілерге мониторинг жүргізу барысында 300-ге жуық арна, тыйым салынған заттар сатылатын 4 ірі Darknet маркетплейс анықталған.
ҚМА мәліметінше, ел аумағында Telegram арналары арқылы есірткі және психотроптық заттарды тұрақты негізде жарнамалаумен және сатумен айналысқан 80 пайдаланушының жеке басы анықталды.
Интернет-кеңістіктің Қазақстандық сегментіне жүргізілген мониторинг нәтижесінде 35 мыңға жуық қатысушысы бар есірткі сататын 3 ірі алаң, есірткі заттарынының әлеуетті тұтынушылары болып табылатын 10 мыңға жуық адамның жеке басы анықталды, — делінген мәліметте.
Талдау көрсеткендей, тұтынушылардың 50%-дан астамы Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысына тиесілі.
Агенттік өткен жылы айналымы 25,6 млрд теңгені құрайтын 36 есірткі дүкенін анықтады.
Биыл Telegram мессенджерінде 60 есірткі арнасына тиесілі 59 карт-шот анықталды.
Қаржылық барлау бөлімшесінің алдын ала талдау қорытындысы бойынша аталған дүкендердегі ақша қаражатының жалпы айналымы 3 млрд теңгені құрады.
Айналымы 82 млн теңгені құрайтын есірткі дүкендерінің бірі бойынша материалдар ІІМ-ге жолданды.
ПІКІР ЖАЗУ