Асхат Хасенов «Қазмұнайгаз» ҰК «АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Шешім 28 мамырда өткен акционерлердің жалпы жиналысында қабылданды. Хасенов сондай-ақ компанияның Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.
Ұлттық компанияның бұрынғы басшысы Мағзұм Мырзағалиевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
2022-2024 жылдар аралығында Асхат Хасенов Қазақстанның энергетика вице-министрі қызметін атқарды. 2024 жылдың мамыр айының басынан бастап тағайындалғанға дейін ҚМГ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.
Еңбек жолын 2005 жылы «Торғай Петролеум» АҚ мұнай және газ өндіру цехының операторы болып бастаған. 2019-2022 жылдар аралығында ол «Қазмұнайгаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді.
ПІКІР ЖАЗУ