Алматылық бойжеткеннің қазақ және қырғыз тілдерін жамандап сөйлеген видеосы желіге тарады.
Парақшасынан тікелей эфирге шыққан қыз өзіне қазақ тілінің ұнамайтынын айтқан.
Маған қазақ тілі мүлде ұнамайды. Шынын айтқанда, ол – «мәмбеттердің» тілі. Қазір бұл мәмбеттер ауылдардан қалаға қарай ағылып келіп жатыр, салдарынан қалада үлкен кептелістер пайда болды. Мен өзім Алматыдан боламын. Маған қазақ тілі ұнамайды. Қазақ пен қырғыздың тілі – «мәмбеттердің» тілі, — дейді ол.
Ал осы видеодағы жазбаларда оның тікелей эфирге жиі шығып, ұлтаралық алауыздықты қоздырып отыратыны жазылған.
Алматы қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 174-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«ҚР заңнамасына сәкес шаралар қабылданатын болады», — деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
ПІКІР ЖАЗУ