«Қазақтелеком» АҚ еншілес компаниясы — «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС ақпараттық және имидждік сүйемелдеу бойынша тендер өткізеді. Бұл туралы «Қор-сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы» telegram-арнасы хабарлайды.
Техникалық ерекшелікке сәйкес мердігер мынадай бағыт бойынша қызметтер көрсетуі тиіс:
- жарнаманы көрсететін белгілерсіз интернет-БАҚ ресурстарында кемінде 20 жарияланым жариялау;
- қазақ және орыс тілдеріндегі кемінде 60 материал — радиода;
- танымал блогерлер мен қоғам қайраткерлері әлеуметтік желілерде кемінде 39 материал орналастыруы тиіс;
- әлеуметтік желілерде жалпы саны кемінде 3 мың аккаунтты қамтитын таргеттелген жарнаманы іске қосу қажет;
- компания клиенттері мен серіктестерінің қатысуымен үш іс-шара, бес «саппорт-митинг», журналистермен екі баспасөз туры және Астана қаласында 50 адамға арналған жаңа жобаның бір тұсаукесерін ұйымдастыру;
- Астана қаласында төрт билборд және үш түрлі қалада алты баннер орналастыру.
Компанияның өзі ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологиялар саласындағы қызметтермен айналысады, сондай-ақ тауарларды таңбалау және қадағалау қызметтерін ұсынады.
Айта кетейік, бұған дейін «PROTENGE» телеграм-арнасы Қазақтелеком жыл соңына дейін жарнамаға көп қаражат жұмсайтынын хабарлаған болатын. Кейбір пайдаланушылар осылайша ұлттық компания «қаражатты игереді» деп болжайды. Сол telegram-арна 2022 жылдың соңына қарай Қазақтелеком жарнамаға екі айға 1 млн АҚШ долларын бөлгенін мәлімдеді.
ПІКІР ЖАЗУ