Қазақстанның кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Соның ішінде:
- Қызылорда облысы: солтүстікте және орталықта найзағай, бұрқасын, шаңды дауыл күтіледі.
- Қостанай облысы: түнде шығыста қатты жаңбыр күтіледі, батыста және шығыста найзағай ойнайды, оңтүстікте тұман түседі.
- Батыс Қазақстан облысы: күндіз оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында дауыл екпіні 15-20 м/с.
- Маңғыстау облысы: күндіз солтүстікте және шығыста найзағай ойнайды, түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Ақтауда: түнде және таңертең тұман күтіледі.
- Павлодар облысы: батыста, солтүстікте, шығыста найзағай күтіледі.
- Түркістан облысы: түнде оңтүстікте, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, көктайғақ күтіледі. Күндіз облыстың таулы аймақтарында бұршақ жауады.
- Жетісу облысы: солтүстікте, оңтүстікте, таулы аймақтарда қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, көктайғақ күтіледі.
- Жамбыл облысы: таңертең және күндіз таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстікте, шығыста, таулы аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауады.
- Солтүстік Қазақстан облысы: оңтүстікте найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, түнде облыстың оңтүстігінде дауыл екпіні 23 м/с.
ПІКІР ЖАЗУ