«Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын жүзеге асыруға тағы бір уәкілетті оператор қатысады, деп хабарлайды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.
«Енді оқу ақысын төлеуге арналған мақсатты жинақ төлемдерін алу үшін «Отбасы банкі» «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-нан басқа, жақында БЖЗҚ келісім-шарт жасасқан «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на хабарласуға болады. Тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша төлемдерді алу үшін «Отбасы Банкі» жалғыз уәкілетті оператор болып қала береді», — делінген хабарламада.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан азаматтарының 18 жасқа толмаған барлық балалары «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасына қатысушы болды. Балаларға жыл сайын қатысудың әр жылы үшін инвестициялық кірісті қоса алғанда, мақсатты талаптар түрінде Ұлттық қордан қаражат беріледі.
ПІКІР ЖАЗУ