Қазақстанның Финляндиядағы елшілігі қызметкерлеріне 12 000 еуроға үй жалдап берген

Қазақстанның Финляндиядағы елшілігі өз қызметкерлеріне айына 12 000 еуроға үй жалдап берген, деп хабарлайды «ozgeris.info» «Рrotenge» телеграм каналына сілтеме жасап.

Финдік Ilta-Sanomat басылымы виллада 10 бөлме, жеке жағажай, джакузи және төрт көліктік гараж бар екендігін жазды. Вилла ауданы 500 шаршы метрді құрайды. Бұл туралы баспасөзде жарияланды, өйткені елшілік біраз уақыттан бері шоттарын төлемеген және 2021 жылы ондаған мың еуро қарыз болған.

Қожайын үй жалдаушылардан көшуді сұраған, бірақ олар оның хаттарына жауап бермеген. Ақырында үйдің иесі сотқа жүгінген.

Финляндия сотының мәліметіне сүйенсек,  2022 жылдың қаңтар айының басында елшілік 60 000 еуро төлеген, иесі өтінішін қайтарып алды. Сонымен қатар Финляндиядағы Қазақстан елшілігі 36 000 еуро көлемінде депозит қалдырған. Николай Зуев сотқа «жалға алу жарнасы осы біржолғы төлеммен бірге бәрін жабуға жетеді» деп хабарлады.

12 000 еуроға вилланы жалға алуға байланысты Сыртқы істер министрлігі әзірге жауап бермеген.

 

«ozgeris.info»