Қазақстанның ЕАЭО-тан шығуы туралы петиция жарияланды

Жуырда «Қазақстанның ҰҚШҰ мен ЕАЭО құрамынан шығуын» талап еткен  петиция жарияланыпты. «Қазақстан билігінен ҰҚШҰ мен ЕАЭО құрамынан шығуын талап етеміз», — дейді. 

Мен ЕАЭО –дейтін Мәскеу мүддесіне ғана құрылған өлі одақтан шығу идеясының жақтаушысымын.

ЕАЭО-ға кіретін елдер, соның ішінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың экономикалық санкциясына ұшырап жатыр.

Ресей жағының «ЕАЭО елдерінің біріне санкция салынған жағдайда одақ мүшелерінің бірлескен жауап шараларын қолданатыны» жайлы айтуы барып тұрған арандату.

Бұл Ресей тарапынан онсыз да экономикасы құлдырап, қалт-құлт етіп отырған Қазақстанды саяси соғыс алаңына тарту. «Ортақ парламент», «ортақ валюта енгізу», «СБЕР цифрлы бағдарламасы» сияқты бастамалар Ресейдің одақта саяси мүддесі басым екенін көрсетеді.

Мәселен Қазақстан 2015-2020 жылдардың ішінде ЕАЭО аясындағы саудадан 44 млрд доллар жоғалтқан деп жазады https://t.me/usbanov/447 арнасы.