Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Тбилиси (Грузия) ITF турнирінің чемпионы атанды.
Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин мен чехиялық Марек Генгел жартылай финалда Израиль өкілдері Орел Кимхи — Офек Шимановты тартысты матчта тізе бүктірді — 6:7 (10:12), 6:3, 10:5.
Финалдық бәсеке де үш сетке созылды. Онда қазақстандық-чехиялық жұп доданың 2-ракеткалары, корт иелері Александр Бакши — Зура Ткемаладзені жеңді — 2:6, 7:6 (7:3), 10:8.
Фото: ktf.kz
ПІКІР ЖАЗУ