ІІМ тергеу департаменті қажылық туризмін ұйымдастыру саласындағы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Тергеу-жедел іс-шаралардың нәтижелері бойынша Zam Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы Сауд Арабиясына заңсыз қажылық ұйымдастырғаны үшін ұсталды. Олар қажылық үшін виза алып беретіндерін айтқан.
«Олар Сауд Арабиясы Корольдігінің мемлекеттік органының ресми сайтына ұқсас сайт құрған. Осылайша қажылық жасауға берілген виза заңды деп көрсеткісі келген», – деп хабарлады ІІМ.
22 қарашада күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
ПІКІР ЖАЗУ