А.И.Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталығында бидайдың керемет сорты пайда болды. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының селекционерлері «Таймас» деген атпен отандық жаңа бидай сортын жасап шығарды. Бидайдың жаңа сұрыпы жақын арада Қазақстанның барлық диқандарының игілігіне берілетін болады, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо порталы.
Жаңа астық тұқымы қысқа сабақты, құрғақшылыққа өте төзімді және ол қазіргі таңда әлемнің барша дихандарын, селекционерлерін тығырыққа тіреп отырған қоңыр тат тәрізді ауыруға ерекше төзімді.
«Таймас сортына сұраныс қазірдің өзінде өте жоғары. Бірақ біз фермерлерге жеткілікті көлемде тұқым ұсына алмаймыз. Ол жаңа сорт болғандықтан қазір біз оны көбейтуді қолға алып жатырмыз, екі жылдан кейін тұқымдарды толықтай ұсына аламыз», — деді А.Бараев атындағы Астық шаруашылығының Жұмсақ жаздық бидай селекциясы зертханасының аға ғылыми қызметкері Татьяна Шелаева.
Қазақстанда өсіруге ең қолайлы сорттарды жасау жұмыстары жалғасуда А.И.Бараев атындағы АШҒӨО зертханасында әлемнің 60-тан астам елден 5000 бидай сорттарының сынамалары іріктелді. Түпнұсқа тұқымдардың бір бөлігі Қазақстандың сұрыптар. Бұл жиналып алынған бидай сұрыптарының барлығы құрғақшылыққа төзімділігімен және жоғары дәнділігімен, өнімділігімен ерекшеленген сұрыптар.
Біздің ғалымдарымыз жан-жақтан әкелінген тұқымдардың ең елдымен генетикасын зерттейді. Содан кейін будандастыру жұмыстарын жүргізеді. Осылайша перспективалық көрсеткіштері бар үлгілерді таңдап алды. Нәтижесінде, қазір сол 5000 үлгінің 50-і ғана іріктеліп алынған. Ал соңғы сынақтан тіпті олардың бірнешеуі ғана іріктеліп алынып отыр. Олар жаңа сорттарға айналады деген сөз.
Қазір Қазақстанда А. И. Бараева атындағы АШҒӨО-нда селекцияның мұндай ерекше сорттар бар. Атап айтсақ, «Шортандинская 95» және «Шортандинская 2012» өте жақсы нәттиже көрсетіп отыр. Бүгінгі күні бұл сорттар Қазақстан алқаптарының 1,3 миллион гектар жеріне себілген.
Қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанымен де, Қазақстан Республикасында отандық тұқым әлі де тапшы.
«Майлы дақылдардың да, бұршақ дақылдарының да тұқымдарына сұраныс өте жоғары. Біздің ұсыныстарымыз бар. Мысалы, біздің таңдауымызда күнбағыстың бес сорты бар. Бірақ мәселе еліміздегі тұқым жүйесінің ақсауы болып отыр. Яғни, сортты жасап, оны тауарлық партия етіп өндіру үшін серіктес шаруашылықтарға беруіміз керек. Ал бізде олардың саны аз – күнбағыс бұл бір ғана мысал. Сайып келгенде осы бір күрделі жұмыспен ешкім айналысқысы келмейді», — дейді Бұршақ, дәнді дақылдар, майлы және дәнді дақылдар селекциясы бөлімінің басшысы Ирина Ошергина.
Ақпаратта ең маңызды мәлімет жоқ, бүл жаңадан ойлап шығарған тұқымның өнімділігі, саны бар сапасы жоқ сорттардың не қажеті бар екен, бүл сорт туралы жазып.