«Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады», — делінген хабарламада.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
«Сот айыпталушының ойын-сауық мекемесіндегі стенд-ап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген фактілерді растады», — делінген хабарламада.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында түсіндіргендей, қамауға алынған адам — сахнадан блогер Мадленді балағаттап, балағат сөздер айтқан стенд-комед Нұрасхан Басқожаев.
ПІКІР ЖАЗУ