Қазақстанда қоғамдық орындарда хиджабқа тыйым салу мәселесі қаралады

хиджаб
Фото: ашық дереккөзден

Парламентте қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салу мәселесі қаралуы мүмкін. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Депутат Ермұрат Бапидің айтуынша, төменгі палатаға дін мәселелерін реттейтін заң жобасы күзде келіп түседі.

Әзірге заң жобасын мемлекеттік органдар әзірлеп жатыр. Жауапты министрліктер өз түзетуі мен өзгерістерін енгізіп, Парламентке күзде әкеледі.

Депутат Ермұрат Бапи заң жобасына өзгеріс енгізуді көздейді.

«Заң жобасында мектепке діни киіммен келу мәселесі де қаралады. Оған толық тыйым салынады. Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу мәселесі де бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастыруды ұсынамыз», – дейді Ермұрат Бапи.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…