Асаба, ақын Құрманай Бақтиярқызы әлеуметтік желідегі парақшасында Уақытша ұстау изоляторына қамалған Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожаға қатысты пікір білдіріп, көпшілікке «Қазақстанда не болып жатыр» деп сауал тастады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Абақтыда дөкей біреудің туған күні болып жатқан жоқ па? Қылыштан өткір, өжет жүректі, өзгеше ұлдарыңа қарай көңіл аудартқызатындай Қазақстанда не боп жатыр екен, а? Әдейі қасақана көңілімізді бұзып, заңсыз шұжық пісіріп жатпасын. Аллаға аманат, қазағым тыныш болсын… — деп жазды ол.
Әлеуметтік желі қолданушылары әдеттегідей жаппай пікір білдіріп жатыр.
«Осы өнер жұлдыздарын жамандаудан басқа не білеміз біз!», «Олар ел алдында жүрген азаматтар! Үшеуі де ақыл тоқтатқан, отбасылы еркектер. Саясатты араластырудың қажеті жоқ», «Білмеймін, үшеуіне де жүрегім ауырып отыр. Не дегенімен үшеуінің де ойып алар орны ерекше жандар», «Өздері тыныш жүрсе болады ғой. Есіріп кеткен ғой жұрт «керемет» дегесін», — деп жазып жатыр олар.
Фото: ашық дереккөз
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру