Биыл, 2022 жылы, Қазақстан Республикасында «Мұғалімдер күні» қазан айының алғашқы жексенбісінде, яғни – 5 қазан күні атап өтілмек.
Президенттің, министрдің, әкімнің, құрылысшының, тіпті оқытушы мен ұстаздың мектеп оқытушысы, колледж бен университетте, медресе мен мешітте де ұстаздары бар. Баршамызға мектеп табалдырығын «тарыдай болып аттап басып, таудай болып шығатын» күнімізге дейін тынбай қызмет атқаратын ұстаздарымыз бар. Біреуі әлі сол мектеп пен оқу орнында болса, ендігілері зейнетақымен қалай отыр екен?
Әлеуметтік желіде, мынандай ауылдың 80-і жылғы, 90-ы, 2000-шы мектеп аяқтаған түлектері деген билеу мен тойлауларын көріп қаламыз. Алайда, өмір деген үлкен әлемге қолымыздан жетектеп, білім нәрін таттырып, тәрбиелеген асылдарымызды құрметтей алдық па?
Әуелі, естіген кезде жүрек түкпіріміз шымырлап жөнелетін «Ұстазым менің ұстазым» әнін еске алып, бір ыңылдап қойсақ:
Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,
Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.
Есімде әліппені жаттатқызып,
Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Зердемді сен ашпасаң не етер едім?
Өмірден сыбағасыз өтер едім.
Ғажайып дүниенің сырын жайып,
Қияға қызықтырып жетеледің.
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Өзіңнен өмірге азық ала бердім,
Ұшырып мені алысқа қала бердің.
Бойымда отың кетті ұшқын атқан,
Келеді жана бергім, жана бергім!
Қайырмасы:
Ұстазым, менің ұстазым,
Өзіңмен өткен қыс-жазым.
Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,
Ұстазым, менің ұстазым!
Иә, ең алғаш әліппені жаттатқызып, … қалдырған ізің мәңгілік…
Осы Ұстаздар күнін баршамыз ерекше бір креативпен дейміз бе (қазіргі тілмен), ерекше бір атап өтсек.
• Барлық автокөліктерде, радио мен телеарналарда, қоғамдық көліктер мен метро вагондарында таңертеңнен бастап осы «Ұстазым менің» әнін жиі-жиі қойып отыру. (Жалпы, қоғамдық көліктерде орысша радиоарналардан тек қана орысша әндер ойнап тұрады. Қазақ әндері мен күйлерін қоюды міндеттеу қажет!).
• Домбыра, баян тәрізді музыкалық аспаптарымен арнайы даярланған кішігірім топтар, 2 қазан, Ұстаздар мерекесі күні, мектептер мен оқу орындары корпустары алдына барып, сымсыз дауыс үдеткіш колонкалар арқылы, микрофондардан «Ұстазым менің ұстазым» әнін дауыстап шырқайды.
— Алдын ала, жоғары сынып оқушылармен, оқу орындарында курс студенттерімен келісіп, олармен бірлесіп орындауға болады.
— Мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдар, мектеп түлектері мен жеке демеушілер қаражаттандыруымен ұстаздарға арнап хадия – силықтар, құттықтаулар ұсынуға болады.
• Ұстазым әнін қоғамдық көліктерде, келесі мектептер мен оқу орындары алдына барып орындау.
• Мұқтаж ұстаздарды анықтап, мектеп түлектері, демеушілер бірігіп, пәтерге жөндеу жұмыстарын, жиһаз бен қажет бұйымдар әперу.
Оқушы, шәкірт, түлек: Мадияров Мирхат Мұратұлы. 2022жыл.
ПІКІР ЖАЗУ