Бір жыл ішінде Қазақстандағы қазақтардың үлесі шамамен 0,6 пайызға өсіп, жыл басында 69,59% — ға жетті, деп хабарлайды «ozgeris.info» Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бүгінде осылайша қазақтардың жалпы саны 13,3 млн-нан асты. Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында республикада қазақтардың саны екі еседен астамға, олардың үлесі сияқты — 39,7% — дан (1989 жылғы Кеңес Одағындағы соңғы халық санағының деректері) 69,59% — ға дейін өсті.
Бес өңірде қазақтардың үлесі 80%-дан асады. Олар: Нұр-Сұлтан (81,08%), Ақтөбе облысы (84,29%), Маңғыстау облысы (91,57%), Атырау облысы (93,01%) және Қызылорда облысы (96,54%).
Қазақтар Солтүстік Қазақстан облысын қоспағанда, елдің барлық өңірлерінде басым бөлігін құрайды, Ал бұл облыстағы ең көп ұлт өкілі — орыстар.
«ozgeris.info».
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру