Қазақстанда қант өндіретін зауыт салынбақ

Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда қант өндірісі 80 пайызға дейін жеткізілетінін, еліміздің оңтүстігінде тағы бір қант зауытын салу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды «ozgeris.info»  «Zakon.kz»-ке сілтеме жасап. 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Қазақстан қантты мүлде дерлік экспорттамайтынын, өйткені өндірілген барлық өнім ішкі тұтынуға кететінін, тіпті 58 пайызы сырттан импортталатынын (негізгі бөлігі ЕАЭО елдерінен) атап өтті.

«Өткен жылдың қорытындысы бойынша ішкі қант тұтыну 42 пайызға отандық өндіріс есебінен қамтамасыз етілді. Республикалық есеппен алғанда, аумақты, шикізатты, өндірістік қуатты ұлғайту арқылы біз алдағы 3-4 жылда бұл өзін-өзі қамтамасыз ету көрсеткішін 80 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», — деді  ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев.

Оның айтуынша, Қазақстанда қант және қант қызылшасын өндіретін төрт зауыт бар. Олар Жамбыл және Алматы облыстарында орналасқан.

«Агроөнеркәсіп кешенінің ұлттық жобасына сәйкес қант қызылшасын егу алаңдарын кеңейту шаралары қарастырылған. Біз Қазақстанның оңтүстігінде зауыттарды жаңартып, тағы бір зауыт салуды жоспарлап отырмыз», — дейді Ербол Қарашөкеев.

 

«ozgeris.info»


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиологи не ожидали, но эта вкуснятина очищает сосуды за ночь!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!