Қазақстанда қайтадан сағат белдеуі ауысады? – петиция 50 мың қол жинады

белдеу
Фото: ашық дереккөзден

ePetition мемлекеттік порталында жарияланған Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуіне қарсы ресми петицияға 50 мың қол жиналды.

Бұл мәселені мемлекеттік органдар қайта қарауы үшін жеткілікті.

Қазіргі уақытта Сауда және интеграция министрлігіне жолдаған үндеу 50 000 қол жинап, 710 мыңнан астам қаралым жинады.

15 мамырда петиция төрт мыңнан астам қол жинаған кезде, Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев министрлік петицияның мерзімі өткеннен кейін – қол қойылған күннен бастап алты ай өткен соң мәселені қарауға оралатынын айтқан еді.

Жалпы қарайтын болсақ, уақыт белдеуін өзгерту елдің барша тұрғындары үшін қиындықсыз өтті. Үш ай бойы қазақстандықтар толығымен UTC+5 біртұтас уақыт белдеуінде өмір сүріп жатыр. Бұл өзгеріске жылдам әрі сәтті бейімделгеннің белгісі.

Қазақстандықтардың өмір салтын тағы бір рет өзгерту әрекеті 20 миллион халыққа қолайсыздық әкеліп, қоғамда наразылығын тудырмасына кім кепіл?