Қазақстанда 6 күнде жаңа көліктер 500-600 мың теңгеге қымбаттаған

Теңгенің құнсыздануы Қазақстанда көлік бағасына да әсер етуде. Осыдан 2 жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда автосалондағы жаңа көлік 5-6 милллион теңгеге қымбаттаса, ескі көліктің құны 2 есеге өскен, деп хабарлайды «ozgeris.info» «informburo.kz»-ке сілтеме жасап.

Соңғы уақытта доллар бағамының шарықтауынан 6 күнде жаңа көліктерге 500-600 мың теңге қосылған. Ескі көлік бағасы 400-500 мың теңгеге қымбаттады.

Көлік сатушы менеджерлердің айтуынша, жаңа машина бағасының күрт көтерілуіне, автоөндірушілердің бағаны қазіргі нарыққа қарай көтеруі себеп болып отыр.

«Бізге автокөліктер Ресей, Жапониядан келеді. Ал бұл мемлекеттерде жыл басында көлік бағасы көтерілді. Оған қоса АҚШ валютасының курсы қазір тұрақсыз болып тұр. Біз көлікті долларға сатып алатындықтан, Қазақстанда да баға өсіп жатыр», – дейді автосалонның аға менеджері Сәбит Егембаев.

Көлік құнының қымбаттауы себепті сатып алушылардың да қатары сирей бастаған.

«Ішкі нарықтағы көлік бағасының қымбаттауының бірінші себебі шетелден келетін қосалқы бөлшектердің қымбаттауы болса, екіншіден, жаңа көліктердің бағасының өсуінен екінші нарықта да баға артып жатыр. Мысалы, 12-13 миллион теңге тұратын машиналардың бағасы қазір 15 миллион теңгеге жетті», – дейді автосарапшы Хуршид Раимов.

 

«ozgeris.info»


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей