Қазақстан Қытайға экспортты 2,5 есеге – 12,5 млрд долларға дейін ұлғайтпақ

Қазіргі уақытта барлық елдерге жалпы ресурстық емес экспорт 2029 жылға қарай 37,7 миллиард долларды құрайды, Сауда министрлігі оны 45 миллиард долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

«Ең алдымен, Қытайға баса назар аударылады, ЕАЭО елдерімен тауар айналымын арттыру бойынша терең жұмыс жалғасады, қажетті трансшекаралық сауда инфрақұрылымы құрылуда», — деді министр Шаққалиев.

Ол экспортты қолдауға жұмсалған 1 теңгеден 500 теңге экспорттық табыс түсетінін атап өтті.