Қазақстан қысқартылған жұмыс аптасына қашан көшеді? 

Бүгінгі күні Еуропа елдері, атап айтсақ, Испания, Исландия, Финляндия, Белгия, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері төрт күндік жұмыс аптасына көшті. Қазақстан қысқартылған жұмыс аптасына қашан көшеді? 

Төрт күндік жұмыс – аптасына 32 са­ғат жұмыс істеу деген сөз. Бұл тәжірибе әлем елдерінде бұдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Мұндай өзгерістің ерекшелігі, жұмысшылар немесе қызметкерлердің еңбекке деген ынтасы артады, жеке өміріне тиісті дәрежеде көңіл бөледі, психологиялық жағдайы жақсарады, қосымша шаруаларын жасауына мүмкіндік алады.

«Айқын» басылымы жариялаған зерттеулерге сүйенсек, пандемия салдарынан мұндай тәжірибені былтыр Жаңа Зеландия, Жа­пония мен Ұлыбритания елдері қарастыра бас­тады. Олар­дың бұл мәселеге деген қызы­ғушы­лы­ғын оятқан Microsoft ком­пания­сының Жапониядағы фи­лиалының зерттеу нәтижесі еді. Атал­ған компа­ния 4 күндік жұмыс ап­тасына көш­кеннен кейін қыз­мет­кер­лердің өндірістік қуаты 40 па­йыз­ға артып, электр мен жылуға кет­кен қаражат үнемделген. Қағаз да аз жұмсалған. Жұмысшылар бұ­рынғыдан 25 пайызға аз сұра­нған.

Бір сөзбен айтқанда, 4 күндік жұмыс режимі жұмыс берушіге де, жұмысшыға да қолайлы болып отыр. Ғалымдар мен дәрігерлер де мұның адам денсаулығы мен психологиясы оң әсер еткенін алға тартады.

Енді біздің елімізге келсек. Мұндай мүмкіндік негізі бізде де бар. Қолданыстағы Еңбек заңна­масы бойынша жұмыс берушінің келсісімен кез келген қызметкер аптасына төрт күн жұмыс істей алады. Бұл туралы жауапты мамандар не дейді?

– Қазір заңнама бойынша төрт күн жұмыс істейміз деген меке­ме­лер мен қызметкерлерге ешқан­дай кедергі жоқ. Қызметкер жұмыс бе­ру­шімен арнайы келісімшарт жа­сау арқылы толық емес жұмыс аптасына ауыса алады. Еңбек ко­дексінде бұл мәселе жан-жақты қа­ралған. Ал жұмыс берушінің жа­лақыны өзгер­туге мүмкіндігі бар. Сондықтан бұл жағдай қыз­меттің өнімділігіне тиімді болса да, мате­риалдық жа­ғынан шығын әкелуі әбден мүм­кін, – дейді «Ең­бек ресурс­тарын дамыту орталығы» АҚ департамен­ті директоры Ера­сыл Жұманбаев.

 

«ozgeris.info».