Джиддаға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Абдалла Али әл-Яхьямен кездесті.
Кездесу барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Кувейт қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Сұхбаттастар сапарлармен алмасу және түрлі іс-шараларды, соның ішінде Қазақстан-Кувейт үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысын және ірі Кувейт компанияларының қатысуымен инвестициялық бизнес-форумды өткізу арқылы барлық бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты жандандыру қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кувейт Әмірі Мишаал Ас-Сабах арасындағы «Орталық Азия – Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммиті шеңберінде 2023 жылғы шілдеде Джидда қаласында өткен кездесу барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастыруға келісті.
Фото: СІМ ҚР
ПІКІР ЖАЗУ