Қазақстан құрамасы Болгарияда өткен халықаралық турнирде алтын жеңіп алды

Қазақстандық гимнасттар осы күндері Болгарияда өтіп жатқан Шақыру кубогында екі алтын медаль жеңіп алды.

Спорттық гимнастикадан Қазақстанның ерлер командасы Болгарияның Варна қаласында өткен Шақыру кубогы кезеңінде үш жүлдеге ие болды.

Қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов атпен жаттығу бойынша финалдың жеңімпазы атанды. Ол қорытынды — 15.433 ұпай жинады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Патанин өз кезегінде еркін жаттығулар бойынша үздік атанды. Оның қоржынында 14.033 балл бар. Осы бағдарламада Қазақстан құрамасының өкілі Асан Сәлімов қола медальді жеңіп алды.