Қазақстан Республикасының Академиялық Адалдық Лигасы Халықаралық Академиялық Адалдық орталығының (ICAI — International Center for Academic Integrity) мүшесі болды, деп хабарлайды Өзгеріс.инфо.
Бұған дейін Maqsut Narikbayev University (MNU) ICAI мүшелігін алған Қазақстандағы алғашқы университет атанған. Бүгін 2024 жылдың 26 қаңтарында Академиялық Адалдық Лигасы да Халықаралық Академиялық Адалдық орталығына (ICAI) қосылды.
ҚР Академиялық Адалдық Лигасының жобалық кеңсесінің басшысы Нұргүл Маханбаеваның айтуынша: «Бұл келісім Қазақстан Республикасының академиялық қауымдастығы үшін аса маңызды. Аталған келісім білім беру стандарттарын жақсартуға, университеттердің маңызды нәтижелерге қол жеткізуіне қолдау көрсетіп, жаңа көкжиектерді ашады». Академиялық Адалдық Лигасының жобалық кеңсесі Лига мүшелерін және ҚР жоғары оқу орындарын академиялық адалдықты қолдау үшін ICAI қатарына қосылуға шақырады.
ICAI-ге мүше бола отырып, ЖОО-ы озық зерттеу әдістемелеріне қол жеткізеді. Бүкіл әлемдегі университеттермен тәжірибе алмасып, академиялық адалдықты дамыту үшін қосымша білім беру ресурстарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар ICAI-ға мүше университеттер халықаралық серіктестіктерге, студенттер алмасуға және бірлескен ғылыми жобалар жасауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ ICAI аймақтардағы университеттер арасында білім алмасуға ықпал ететін Networking Consortia ұсынады.
Айта керу керек, егер қазақстандық жоғары оқу орындары ICAI-ге қосылса, онда олар бірлесіп ICAI Central ASIA CONSORTIUM құра алады. Бұл арқылы еліміздің ЖОО-ында білім стандарттары артып, тәжірибе алмасу үшін бірегей кеңістік қалыптастыру мүмкіндігі пайда болады.
ПІКІР ЖАЗУ