Қазақстан Еуропалық Одақтың жасыл технологиялар саласындағы маңызды серіктесі

Климаттың өзгеруі, жаңа технологиялардың, «жасыл» қаржыландыру», инновациялардың артықшылықтары мен кемшіліктері, ноу-хауды қолданудың салдары – осы және басқа да экологиялық мәселелер Еуропаның жиырма жеті мемлекетінің экология министрлер пікірталасына айналды.

Елордалық ЖОО студенттері Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен өткізілген іскерлік ойынға қатысты. Студенттердің әрқайсысы белгілі бір экологиялық проблема бойынша өз мемлекетінің ұстанымын білдіреді.

Кездесу Еуропалық Одақ Кеңесінің жұмыс форматын дәл көрсетті. Өткізілген пікірталастың қорытындысы бойынша қатысушылар ойын барысында айтылған барлық идеялар мен ұсыныстарды қамтитын қарар қабылдады.

Біз «Еуропалық Одақтың ұстанымы» деген сөзді жиі естиміз, бүгін біз бұл ұстанымның қалай әзірленетінін көрсеткіміз келді. Әрбір министр кеңес шеңберінде өз мемлекетінің мүдделерін қорғайды және бұл мүдделердің қарарда қаншалықты ескерілетіні Оған ғана байланысты болады. Бұл үлкен жауапкершілік. Біз экология тақырыбын таңдадық, себебі ол тек Еуропалық Одақ елдері үшін ғана емес, Қазақстан және Орталық Азияның басқа елдері үшін де маңызды, өйткені климаттың өзгеруі барлығымызға қатысты. Бұл біз үшін маңызды, ал студенттер үшін болашақ ұрпақ үшін одан да маңызды, — деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кестутис Янкаускас.

Қатысушылар саны Еуропалық Одаққа кіретін елдердің санына тең. 27 студент «Заманауи технологиялар экологияға қалай әсер етеді?». Оған климаттың өзгеруі, жаңа технологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері, «жасыл» қаржыландыру», инновациялар, сондай-ақ жоғарыда аталғандардың бәрін пайдаланудың салдары сияқты факторлар кіреді. Спикерлер өз көзқарастары бойынша фактілерді, шешімдерді және дәлелдерді ұсынды.

Еуропалық Одақ институттарының құрылымы мен жұмыс форматын жақсырақ білу мақсатында әртүрлі қазақстандық университеттердің студенттерін тартуға бағытталған бұл бірегей білім беру жобасы формасы мен мазмұны жағынан.

Бұл студенттерге Еуропалық Одақтың маңызды органдарының бірінің жұмысының практикалық атмосферасына енуге мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат және телефон: +7 7172 702853 — Дина Абдакимова, +7 747 9260260 — Айдар Хамит, электрондық пошта: PR@kazguu.kz