«Қазгидрометте» өрт қауіпі бар маусым 15 сәуір мен 15 қазан аралығындағы кезең болып саналады. Ұзақ мерзімді ауа райы болжамына сәйкес:
- Мамыр мен маусымда орташа айлық ауа температурасы климаттық нормадан 1-2° жоғары болады деп күтілуде;
- Шілде және тамыз айларында температура қалыпты шамада болжанады.
Бұл ретте Қазақстанда өрт қаупі 4 және 5 дәрежеге – жоғары және төтенше болады деп болжануда. Жоғары және төтенше өрт қауіптілігіне жеткен кезде дауылды ескертулер шығарылатын болады.
«Абай облысына келетін болсақ, температура нормадан жоғары. Сондай-ақ, жауын-шашын нормадан аз деп күтілуде. Әрине, онда табиғи өрттердің пайда болу ықтималдығы жоғары. Өте жоғары температура, ұзақ уақыт жауын-шашынсыз күндер. Сондықтан өрттің пайда болу ықтималдығы жоғары», — деді» гидрометеорологиялық орталықтың » басшысы Марина Шмидт.
ПІКІР ЖАЗУ