Қазақмыс, KAZ Minerals, АлтынАлмас, Қаражыра және RBK Bank компаниялар тобы су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға көмек көрсету үшін қосымша 40 миллиард теңге бөледі. Бұл 89 млн доллар шамасы.
Бөлінген қаражат инфрақұрылымды қалпына келтіруге және әлеуметтік объектілерді: балабақшаларды, мектептерді, ауруханаларды, сондай-ақ тұрғын үйлерді салуға бағытталатын болады.
«Ел мұндай қорқынышты апатты көптен бері көрген жоқ. Бұл барлық адамдар үшін қиын сынақ. Біз су тасқынына жалғыз қарсы тұру мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан су тасқынына қарсы күреске бүкіл Қазақстан қатысуда. Біз әлеуметтік бағдарланған компаниялар ретінде шетте қала алмаймыз. Барлық зардап шеккендер жақын арада үйлеріне оралады деп шын жүректен сенеміз», — деп шешті компаниялардың директорлар кеңесі.
Сонымен қатар, бұған дейін Қазақмыс Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарына 20 тоннадан астам гуманитарлық көмек пен қажетті арнайы техниканы жолдаған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ