Танымал эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасованың әлеуметтік желідегі жазбасы көпшілікті ойландырып қойды, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Әнші өмірінде кей нәрселердің өзгергенін айтады.
«Жүректегі мұңды осы қыркүйекте қалдырдым…Өмірімде өзгерістер орын алып жатыр. Уақыты келгенде сіздермен міндетті түрде бөлісемін», — деп жазды өнер иесі.
Әншінің оқырмандары бұл өзгерісті өзінше болжап көрді.
«Ажырасып кеттіңіз бе?», «Аяғы ауыр шығар», «Қызды боласыз ба?», «Бастысы денсаулық мықты болсын», — деп жазып жатыр желі қолданушылары.
ПІКІР ЖАЗУ