Автобуста телефонмен қатты сөйлескені үшін қызды ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі HALYQSTAN Telegram арнасына сілтеп.
25 қараша күні Алматыда жолаушылар арасында жанжал болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам қызға ескерту жасаған, бірақ ол елемеген. Ер адам қызды ұстап, автобустан шығарып жіберуге тырысқан. Жолаушы әйел оны итеріп жібергенде, ер адам оның бетінен ұрған.
Куәгерлер түсірген видеода олардың ауызша айтысып жатқанын көруге болады. Ер адам өзін «мен жарақат алғанмын, маған бәрібір» деп ақтап алуға тырысты. Шу шығарған жолаушы 66 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
«Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алмалы ауданы полиция басқармасы бөлімінің бастығы Батыржан Абдумажаров.
Полицейлер, әдеттегідей, ер адамның бейне-өкінуін түсірді.
«Автобуста келе жаттым, жас қыз телефонмен қатты сөйлесіп отырды. Қасында отырған егде жастағы әйелдер оған ескерту жасады. Кейін мен де ескерту айттым. Ол мені боқтап, ұрыса бастады. Сол кезде мен оны ұрып, шапалақпен тартып жібердім», – деді ер адам.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ПІКІР ЖАЗУ