Интернеттің инесінде отырған жұрт үшін әлемжелідегі айқай-шу үйреншікті дүниеге айналды. Бір-бірінің жағасынан алып, қырқысып жатқандарға көз үйренді. Ал әлеуметтік желіде боқтайтындарға жаза қандай? Ozgeris.info тілшілері анықтап көрді.
Көбіне WhatsApp арқылы ар-намысқа тиетіндер көп. Әсіресе аудиожазба арқылы аузына келгенін айтып жүргендерге жаза қатаң. Қылмыстық жауапкершілік көзделген.
ҚР Қылмыстық Кодексiнің 131 бабының 2 тармағында:
«Көпшiлiк алдында немесе масс-медианы, телекоммуникация желілерін немесе онлайн-платформаларды пайдалана отырып адамның жеке-басына нұқсан келтіретін сөз айтсаңыз – екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады,- делінген.
Ал егерде қоғамдық орында боқтаса әкімшілік жаза арқалап 15 күн қамауға алынады немесе 69 мың теңге айыппұл арқалайды.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру