“Ауысып кетуі мүмкін”: Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін адам туралы айтты

Белгілі журналист Қымбат Досжан архив құжаттарынан Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматтың қолхаты табылғанын хабарлады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Журналистің айтуынша, бельгиялық әйел асырап алған Жәнібек ауысып кеткен болуы мүмкін.

Қымбат Досжан Арқалық және Атбасар қаласының халқынынан көмек сұрап, Батталова Жанна Бекенова есімді тұрғынға іздеу салатынын айтты.

Бұған дейін Жәнібектің анасы болуы мүмкін Жазираның ДНҚ сараптамасы 0 пайыз сәйкестік көрсеткен еді. Редакция Жанна мен Жазираның балалары ауысып кетуі ықтимал екенін айтады. Сондай-ақ екі ананың перзенті бір күнде балалар үйіне тапсырылған.

«Біз неге Жанна Батталованы іздеп отырмыз? Жауабы: Табылған мәліметтер арасында Даниярдың фотосы бар. Естеріңізге салсақ, Жәнібектің құжатында анасы деп жазылған «Жазира» былтыр желтоқсанда табылды. Ол әйел 2002 жылдың қаңтарында перзентханаға құжатсыз жедел жәрдеммен барып, босанып баланың есімін «Жәнібек» деп қойып, 4 күннен кейін дәрігерлерге аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, перзентханадан кетіп, сол күйі оралмаған, оны өзі мойындап отыр», — деп жазды Қымбат Досжан.