Ауылға аурухана салу туралы Президенттің тапсырмасы орындалмады. Министр өз кінәсін сезінеді ме?

Фото: depzdrav.kz

Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев МӘМС жүйесін толық түзетіп алғанша сақтандыру қорының жұмысын тоқтатуды талап етті.

МӘМС-тің елімізде жұмыс жасап келе жатқанына 6 жыл болды. Осы уақыт ішінде байқағанымыздай, әлі де жалған есеп беру тоқтаған жоқ, оның арасында марқұм азаматтарды да тіркеп жіберген жағдайлар кездеседі. Тіпті ақылға қонымсыздығы, 3-5 айлық нәрестелердің тісін емдедік деген сылтаумен ақша алып отырғаны да бар.

Былтыр Президент Үкімет сағатында тапсырма берген медициналық көмектің бірыңғай топтамасы да қолға алынбады. Сондай-ақ Президент әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың медициналық сақтандыруы жергілікті бюджеттен төленсін деген бастаманы ұсынған. Өкінішке орай, ол да жүзеге аспады.

Барлық жоғарыда келтірілген мысалдарды қорытындылай келе, мәжілісмен МӘМС жүйесін сынақ алаңына айналғанына шүйлікті. Бұрынғы жүйе жұмыс істемейді, қазіргі жүйе тіпті жетілдірілмеген. Екі ортада халық қайда барып ем аларын білмейді.

«Басы онсыз да қатып жүрген халықтың басын одан әрі қатырмай, осы жүйені мүмкіндік болса, жүйелеп, нақты 100 пайыз жұмыс істейтін жүйеге жеткізбейінше МӘМС жүйесін тоқтату керек. Неге? Елімізде 20 млн адам бар. Оның 3,5 млн-ы тіркелмеген. 16,5 млн-нан аса адам қалады. Оның 14 миллионнан астамының шығындарын мемлекет көтереді. Есептей келе, сақтандырып отырған 2 миллионан астам ғана халық қалып отыр. МӘМС-ті жүйеге келтірсек, қалған адамдардың емдеу жолын табармыз», — деді мәжілісмен.

Ауылға аурухана салу туралы Президенттің тапсырмасы орындалмады. Министр өз кінәсін сезінеді ме? Қай әкімдік кінәлі?

Яғни, ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағдарламасы бойынша 655 нысанның бүгінде тек 85-і қолданысқа берілген дейді депутат. Оның орындалмауына түрлі себептер айтылған. Оған Президент құры сылтау деген сын айтқан еді.

Айта кетейік, ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында медициналық мекемелерді салу және жаңғырту үшін Үкімет резервінен 39,9 млрд теңге бөлген. Оның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) нысандарын салу және орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту көзделген.

Депутаттың сұрағына Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жауап берді. Айтуынша, былтыр 99 нысан салынса, биыл 361 нысан салынып, іске қосылған. 2025 жылы қосымша 195 объект салынады. Сондай-ақ 32 ауданаралық ауруханалардың жетеуінің қосымша құрылыстары мен күрделі жөндеулері былытр басталып, биыл жалғасын табады.

МӘМС орталық және аймақтық бөлімдерінде 1000 қызметкер бар. Олардың жылдық жалақы қоры 11 миллиард теңге. Дұрыс жұмыс істемейтін жүйенің қызметкерлері тым көп жалақы алып отырған жоқ па?

Асхат Аймағамбетовтың пікірінше, қазіргі МӘМС жүйесі сақтандыруға қарағанда, салыққа жақын. Халық МӘМС жарналарын төлесе де, медициналық қызметтерді ала алмай жүр. Бұдан бөлек, МӘМС сақтандыру компаниясы ретінде емес, қарапайым бюджеттен тыс қор ретінде жұмыс істейді. Ал оған сай келмейтін функцияларды беріп қойған: тарифтерді есептеу, ана өлімін зерттеу және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.

Бұл жүйе енді енгізілген кезде бастапқыда мемлекет ел бойынша орташа айлық жалақының 7пайызын төлеп отыратыны айтылған. Бірақ іс жүзінде бұл жарна бірнеше есе қысқарды. Алазаматтар мен жұмыс берушілердің міндеттемелері сол деңгейде қалды. Ол — 2 пайыз.Нәтижесінде бұл жүйеге бюджеттен триллиондаған теңге түспей қалды.

Сонымен қатар, мемлекет зейнеткерлерге, балаларға және басқа 15 санатқа төлейтін МӘМСжарналарын есептеу үшін орташа жалақының орнына медиандық көрсеткішті қолдана бастады.Ал бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен, соның салдарынан тек 2025 жылы ғана ауруханалар 300млрд теңгеден астам қаражат алмай қалды.

МӘМС жүйесі азаматтардан және жұмыс берушілерден жарналарды төлеуге міндеттеп отыр. Алайда  мемлекет өзі заңнаманы өрескел бұза отырып, міндеттемелерін қысқартып қана қоймай, оларды орындауға ниеті жоқ. Бұл әсіресе медициналық қызметтерге мұқтаж азаматтардың осалсанаттарына кері әсер тигізеді.

Мұндай жағдайда  ұйымдар қаржыландырудың жетіспеушілігін жабу  үшін көрсетілетінқызметтердің көлемін ұлғайтуға мәжбүр.

«Мен өз тәжірибемнен мынадай жағдайды келтіре аламын. Танысым емханаға қаралуға барғанда, оны пневмония деген күдікпен алдымен рентген, содан кейін цифрлық рентген, содан кейін КТжәне тағы да қосымша тексерістерге жіберген. Мұның бәрі клиника қордан көбірек ақша алуыүшін жасалып отыр», — деген еді Асхат Аймағамбетов Time.kz сайтына берген сұқбатында.

Айта кетейік, МӘМС сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына 7 жыл болды. Осы уақыт ішінде жетінші рет қордың төрағасы өзгерген.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...