Қазақстан ауылдарынан халықтың көшуінің таза көрсеткіші 25 жылдағы антирекордты жаңартты
ҚР СЖРА ҰСБ деректеріне сай, 2024 жылы ауыл халқының көші-қон сальдосы (келгендерден кеткендерді шегергенде) 111,4 мың адамды құрады. Бұл 2000 жылдан бергі, яғни қолжетімді бүкіл бақылау тарихындағы, ең төменгі көрсеткіш.
Бұл көрсеткіш жыл сайын теріс мәнді көрсетеді. Алайда биылғы жағдайдың ерекшелігі – бұған дейінгі жылдардағыдай ондаған мың емес, жүздеген мың адам деңгейінде болуы.
Айта кетерлік жайт, ауыл халқының көші-қон сальдосы барлық өңірде дерлік, Алматы (7,6 мың адам) және Атырау (275 адам) облыстарын қоспағанда, нөлден төмен деңгейде тіркелген. Бұл орайда жалпы көрсеткіштің қалыптасуында халқы ең тығыз шоғырланған өңір – Түркістан облысы шешуші рөл атқарып отыр. Оның үлесі 26%-ды құрады (-29,2 мың адам).
Табиғи өсім теріс мәндегі көші-қон сальдосын өтей алмады: туғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырмашылық 96,8 мың адам деңгейінде болды. Осылайша, көші-қон мен табиғи қозғалыс нәтижесінде ауыл халқы өткен жылмен салыстырғанда 14,6 мың адамға азайды. Бұл ретте қаладағы халық саны, керісінше, 266,8 мың адамға өсті.
Нәтижесінде, жалпы халық құрамындағы қалалықтардың үлесі 0,8 п.т артып, 63%-ға дейін жетті. Урбанизация деңгейі бұған дейін мұндай жоғары көрсеткішке жетпеген сияқты: бұл жерде де 2000 жылдан бергі рекорд.
Саясаттанушылар бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр.
«2024 жылы Қазақстанның ауылдық жерлерінен 111,4 мың адам көшіп кетті. Бұл 25 жылдан бері алғаш рет орын алды. Қазір халықтың 63 пайызы қалада тұрады. Нәтижесінде бізде ауыл шаруашылығы жоқ, болса да, онымен айналысатын халық жоқ», — деп пікір білдірді Кирилл Павлов.
ПІКІР ЖАЗУ