Қытайда жаңа метапневмовирусы (hMPV) тіркелді, бұл вирус жергілікті ауруханалардың шамадан тыс науқастардың толуына алып келді. Бұл туралы Daily Mail хабарлады, — деп жазады ozgeris.info.
Басылымның жазуынша, вирус белгілері коронавирусқа қарағанда әлдеқайда қауіпті. Ауруханаларға тоңу, жөтел, тамақтың ауыруы, әлсіздік және бас айналу сияқты белгілермен науқастарды жеткізуде.
Белгілері:
- Тоңу
- Жөтел
- Тамақтың ауыруы
- Әлсіздік және бас айналу.
Вирус өкпені зақымдап, COVID-19 және тұмау сияқты белгілерге ұқсас келеді. Қытай жоғары дайындық режимінде. Сондай-ақ, Қытайда тұмау А, микоплазмалық пневмония және коронавирус сияқты басқа да респираторлық вирустар таралуда.
ПІКІР ЖАЗУ