«Ауруханада жатыр»: белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлінің жүрегі сыр берді

Бұл туралы белгілі қорғаушы Ләззат Ахатова әлеуметтік желіде жазды.

«Қалдыбек аға жүрегінен сыр беріп, қазір Алматыда ауруханада жатыр. Мен де тамыздан бері ауырып жүргенмін, соңында суық өкпеме өтіп кетіп, Шымкенттегі емханада жатырмын. Сонда да байланысты үзбей, істі бақылауда ұстап отырмын. Алматыда Әнтай Әлімбекқызы деген тағы бір білікті адвокат әріптесіміз іске қосылды. Қорғауымдағы азаматшаның әкесі ауруханадан шыққан соң, Бас Прокурордың қабылдауына жазылып, тергеудегі жағдайды жеткізбек», — делінген адвокат жазған жазбада.